Жаһандану динамикасы контексіндегі этномәдени жүйенің тұрақтылығы

2012 жылдың 16-шы қарашасында Қазақстан Халқы Ассамблеясы Алматы қ-сы Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірігіп «Жаһандану динамикасы контексіндегі этномәдени жүйенің тұрақтылығы» атты тақырыпта қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Бұл ғалымдардың форумы ұлттық және ұлтаралық қарым-қатынас теориясы мәселелерін талдауға, республикамыздың әр түрлі этникалық топтарының өзара әрекеттестігі негізінде туындайтын шиеленістерді болдырмау және шешудің ғылыми-тәжірибелік мәселелеріне, қоғамдық қатынастың осы сферасының үйлесімділігі мен Қазақстан халқының бірлігіне арналады.
Қазақстан қазіргі таңда әлемдік дамыған мемлекеттер қатарына кіруді алдына кең көлемде мақсат тұтқан, белсенді модернизацияланған қоғам және қарқынды дамушы мемлекет болып табылады. Осы орайда дамыған шетелдік мемлекеттердің ғалымдары жазып жүрген мәдениеттегі барлық жаһандық өзгерістерді Қазақстанның көп ұлттық мәдениеті мен өзінің орбитасына енгізіп отырады. Қазақстан халқының этникалық мәдениеті басқа да дамыған мемлекеттердің ұлттық мәдениеті сияқты жаһандану үрдісінің ықпалына ұшыраған, сондықтан өзінің мәдени әр алуандылығы мен өзіндік болмысын сақтауға ұмтылады. Дамыған мемлекеттердің постиндустриалдық тәжірибесінің сынын толық ұғынбайынша және жаһанданушы мәдениеттің даму тенденциялары мен заңдылықтарын ғылыми ортада белсенді талқыламайынша, осы салада ұсыныстар мен ғылыми-тәжірибелік өңдеу және жаңаша шетелдік зерттеулерді білмейінше, сондай-ақ осы үрдіске қатысты белгілі бір стратегиялар мен мемлекеттік-ұлттық идеологияны тудырмайынша, жоғарыда көрсетілген белсенді тапсырмалардан оңтайлы нәтиже күту қиын.

Бүгінгі күні, біз, Қазақстан Халқы Ассамблеясы шеңберіндегі социомәдени және ұлтаралық өзара әрекеттестіктің баға жетпес мол тәжірибесіне иеміз. Адамдардың ҚХА-на сенімі көрнекі мысалы және ұлтаралық өзара әректтестіктің қазақстандық моделінің тәжірибесі болашақта институцияландырылуды және түсінік-әдістемелік рәсімдеудіқажет етеді. Бұл бірегей модель отандық тіжірибеде қолданылады, әлдеқашан көптеген мемлекеттер қызығушылық танытқан болатын, соның ішінде еуропалықтар. Маңызды міндет бірігіп қызмет ету үрдісінде Қазақстанның этностарының табысты өзара әрекет етуі мақсатында саналы түрде қолдану керек. Ғылыми бірлестіктің күшеюі еліміздің ұлтаралық өзара әрекеттестіктің қазақстандық феноменін жетілдіруге және дамытуға, болашақта зерделеуге, оның институционалдық рәсімделуі елеміздің игілігі үшін сөзсіз бағытталуы тиіс.

Конференцияға ұлтаралық қарым-қатынас және этномәдени саясат, ұлттық құрылыс мәселесімен айналысатын қазақстандық белгілі ғалымдар, мамандар қатысады. Өзекті тақырып бойынша баяндама оқушылар: философия ғылымдарының докторы Рүстем Қадыржанов, Бекет Нұржанов, Валентина Курганская, тарих ғылымдарының докторы Георгий Кан, экономика ғылымдарының кандидаты Гульнара Аннакулиева, филология ғылымдарының кандидаты Светлана Ананьева. Пікірталасқа шақырылған қонақтар – құқықтанушылар, әлеуметтанушылар, шығыстанушылар, қоғамдық қызметкерлер, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан Халқы Ассамблеясыныңреспубликалық және қалалық ғылыми-сарапшы топтарының мүшелері қатысады.

Конференция өтетін орын:ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Алматы қ-сы,Құрманғазы көшесі, 29.
Қатысушыларды тіркеу: 9-30 – 10-00.
Конференция жұмысының уақыты: 10.00-13.00
Барлық ұйымдастыру сұрақтары бойынша жауапты ҚХА Ғылыми-сарапшы тобының төрағасы, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты саясаттану бөлімінің меңгерушісі философия ғылымдарының докторы М.С.Шайкемелев.
Анықтама телефоны: 8(727)272-59-10 (113); e-mail: iph@iph.kz

Понравилась публикация?

Поделитесь с друзьями, воспользовавшись кнопками ниже:

Нравится
Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Добавить комментарий