«Туған жер» көрмесі

Музей Невзоровых4

14 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Семей суретшілерінің қылқалам туындыларының «Туған жер» атты көрмесі «ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражай» залдарында ашылды. Көрмеде 100 ден астам кескіндеме және графика жұмыстары ұсынылған.

Экспозицияны жанрлық әр алуандығы ерекшелендіреді – туған жер бейнесі әлемін ашатын пейзаждар және натюморттар, портреттер мен тақырыпты суреттер. Жазық дала, қарағайлы орман, Ертіс жағалауы – ықыласты көрермен жүрегіне туған табиғаттың сүйікті жерлерін танып, біздің қаланың мекенжай орындарын қиындықсыз табады. Көрермен назарын шеберлі колорист Е.Сухов жұмыстары, Г. Макаров, А. Бейсембаев, А. Борзунов, А. Бейсембаев, В. Степанова, С. Аникин, Т. Жуванышевтың лирикаға толы табиғат картиналары аударады. А. Шениязов жарқын, әсерлі жазылған пейзаж және натюрморт, сондай-ақ қазіргі уақытта аз кездесетін – сепия техникасында салынған суреттерді ұсынады. Н. Өтепбаев өзінің дала тақырыбы пейзажына жанрлық қойылым, қала пейзажына акварель техникасында орындалған графикалық таңбалар қосқан. Р.А. Рахметов қайтадан өзінің құштарлығын табиғат картинасы шешімінде академиялық тұрғыдан растайды. Ескі қала келбеті де кескіндемешілерді немқұрайлы қалдырмады. Ол Н. Буневская, О. Махно, А. Бейсембаев және т.б. суретшілер жұмыстарында жалғасын тапқан. Н.Поздняковтың кескіндемелік натюрморттары аса тартымды. Жемістер бояулары нәзік жағылып немесе паcтозды аса бейнелілікпен жағылған бояулары тұрмыс болмыстың қуанышын сездіреді. Табиғат сыйының сұлулық тақырыбы В.Степанова, Д.Хасеновтың натюрморттарында жалғасуда. Тұңғыш рет М. Авксентьева өзінің жұмыстарын көрерменге тамашалауға ұсынады. Оның натюрморттарын, пейзаждары және қала нобайларын еркін кескіндемелік жазу үлгісі, қарқынды бояу гаммалары ерекшелейді. Н. Бекмухамбетова қазақ эпосының жолын ұстаушы ретінде танылады. Т. Татиев өмір әсерімен келген ғажайып түсті әсемділікті бейнелей, өзіне тән стильінде жұмыс істеуде. Б.Курбиева, Д.Хасенова (киіз), Д.Муратбекова, Ж. Жунусова (құрақ техникасы) А. Джумабекова, Р.Масаеваның жетекшілігімен А. Амирова (ши) жас суретші- қолданбалы шығармашылық тобы кішігірім қолданбалы өнері бөлімін ұсынады. А.Завгороднийдің күміс және яшма, былғары, ағаш, металдан жасалынған бұйымдары және М.Мырзакановтың зергерлік жиынтығы қызығушылық тудырады.

Экспозицияда ұсынылған барлығы 32 автор, олардың әр біреуі замандас, суретші, біздің ортамызда өмір сүріп жұмыс істеуде.

Т. Стромская

Понравилась публикация?

Поделитесь с друзьями, воспользовавшись кнопками ниже:

Нравится
Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Добавить комментарий