Суретші Макс Скоблинскийдың шеберлік-класына қатысушылардың көрмесі

maks-skoblinskij-s-uchenitsami

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2013 жылдың 15 ақпаны, сағ.15.00-де украиндық суретші Макс Скоблинскийдың шеберлік-класына қатысушылардың «БІРЛЕСКЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» атты көрмесін ашады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі (әрі қарай ҚР МОМ) бейнелеу өнерінің әртүрлі саласындағы суретшілердің көрмелерін өткізіп, кәсіпқой суретшілер мен кескіндеме өнерінің жанашырлары үшін түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

Бүгінде ҚР МОМ алматылықтар мен қала қонақтарына «Бірлескен шығармашылық» көрмесін тамашалап, кескіндеме өнеріне баулушылардың авторлық әдістерімен танысып, бір сәтке өзін суретші сезіну мүмкіндігін сыйлайды. 

Макс Скоблинский өзінің ұстазы Игорь Сахаровтың өзгеге ұқсамайтын ерекше әдісіне машықтанып оны өз тәжірибесінде қолданып жүрген суретші. Ол көркем сурет мектебі мен училищесін тәмамдаған, халықаралық және украиндық 11 көрме мен аукциондардың қатысушысы. Аталған жобаның авторы кез келген адамды картина салуға машықтандыруға болатынына сенімді және ол оны өз шәкірттеріне осы өнердің қыр-сыры туралы түсіндіріп, әркімнің жеке мүмкіндігін есепке ала отырып, өзінің әркездегі асқан шеберлікпен орындалатын шеберлік-класында оп-оңай дәлелдеп келеді. Қыл қаламның кенепке сызған әр қимылын, бояулар мен бейнелерді бақылай отырып әсем картинаға қол жеткізу – сөзбен айтып жеткізгісіз көрініс. Ал одан да кереметі – кеше ғана кескіндеме өнеріне еш қатысы жоқ адамның бір күнде өнерге қызығушылығы артып және өзін осы өнерде сынап көріп, өз қолымен картина салуында. Шеберлік-класқа барлық категориядағы адамдар қатыса алады. Осындай бірегей мүмкіндікке кез келген адам ҚР Мемелекеттік орталық музейінде 2013 жылдың 23-24 ақпанында Макс Скоблинскийдің жетекшілігімен өтетін шеберлік-класқа қатысу арқылы ие бола алады. Сіздің туыстарыңыз, достарыңыз бен таныстарыңыз небәрі 4 сағат ішінде шебердің жетекшілігімен салған көркем сурет туындыңыз бен дарыныңыздың куәгері бола алады. Көркем туындыны салу үшін қатысушыларға мастихин, бояулар, кенеп, қыл қаламдар және Қазақстан суретшілерінің фотоматериалдары беріледі.

Көрмеге М.Скоблинскийдің шеберлік-класына қатысушылардың 70-ке жуық жұмысы қойылады.

Шеберлік-кластар 23-24 ақпанда, сағ.10.00-18.00 аралығында өтеді.
Тапсырыстар мына телефондар арқылы қабылданады: 8 (727)301-71-30, +7 7017430517

Понравилась публикация?

Поделитесь с друзьями, воспользовавшись кнопками ниже:

Нравится
Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Добавить комментарий