Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында — мәнді оқиға!

Музей Невзоровых2

2012  жылғы 06 қазанда Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында айрыкша мәнді оқиға орын алды.

Семей және Өскеменнің епископі Амфилохий, мұражайға 19 ғасырдың голландық суретшісінің «Теңіз пейзажы»  белгіленген атауымен теңдесіз туындысын сыйға тартты. Голландық кескіндемеге тән сюжет – желді күні, ашық теңізде желкенді кемені бейнелеу, көпшелі бұлттармен ашық аспан – сол кездегі кескіндемешілердің құмарлығын айқын ұсынады.

Картина қолтаңбамен, жақсы сақталған және сөзсіз, батысеуропалық өнер экспозициясында лайықты орынын алады.

Мұражай қызметкерлері сыйды Шығыс Қазақстанның  рухани және мәдени даму барысындағы   игі істер мен көрнекті бастауларымен жақсы танымал адам, Семей және Өскеменнің епископі Амфилохийдің қолынан үлкен алғыспен қабылдады.

Епископ Амфилохий сапар барысында Х Халықаралық орыс өнері фестивальінің халық шығармашылығы көрмесін тамашалады. Соңымен қатар мұражайда «Ертіс өңіріндегі православие тарихы мен шіркеу өнері» көрмесін өткізу туралы шарт белгіленді.

Понравилась публикация?

Поделитесь с друзьями, воспользовавшись кнопками ниже:

Нравится
Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Добавить комментарий