Мәдениеттің қарыштауы – Қытайдың мәдени жаңғыруына ретроспективті көзқарас

дракон-арх

2012 жылдың 22 қазаны, 16.30-да Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтымен бірлесіп өткізетін «Мәдениеттің қарыштауы – Қытайдың мәдени жаңғыруына ретроспективті көзқарас» атты фотокөрмесі ашылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің соңғы он жыл ішінде жүргізген кешенді шараларының бірі — әлемнің әр түрлі елдерімен мәдениет саласындағы халықаралық байланыстарды насихаттау болып табылады. Әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы халықаралық байланыстар мен мәдениет саласындағы саясатын насихаттауға арналған іс-шараларды жүзеге асыруда өзіндік дәстүр қалыптастырған. Ол – шетелдермен Қазақстан арасындағы сан салалы байланыстарға арналған алуан түрлі мәдени жобалар. Осыған дейін музей бірнеше мәдени жобаларды жүзеге асырып, музейге келушілерді Үндістан, Пәкістан, Иран, Оңтүстік Корея, Германия, Ұлыбритания және тағы да басқа елдердің мәдениеті, дәстүрі мен әдет-ғұрыптарымен таныстырды. Кезекті шара музей қабырғасында өткелі отырған Қытай Халық Республикасы туралы бесінші көрме.

«Мәдениеттің қарыштауы…» көрмесінде келушілер назарына Синьхуа провинциясының, ҚХР Мәдениет министрлігі, Сычуань провинциясының Чэнду қалалық әкімшілігінің баспасөз орталығы және Конфуций институты (АҚШ, Индианаполис қ.) ұсынған 49 фотосуретшінің 60 жұмысы ұсынылады. Бұл фото туындылар музейге келуші аудиторияны соңғы 10 жылдағы Қытай мәдениетінiң даму үрдісімен таныстырады. Суреттер Қытай үкіметінің мәдени мәселелер жайлы мәжілістері туралы, мемлекеттік деңгейдегі бірнеше негізгі мәдениет нысандары, әдеттегі және мамандандырылған кітапханалар (Брайл әріптерін пайдаланған), музейлер мен театрлардағы алуан түрлі іс-шаралар, Қытай қалалары мен провинцияларында және оның шет аймақтарында өткен эпикалық көріністер, кинотеатр, театрлардың ашылуы, ашық шығармашылық алаңдар туралы сыр шертеді.
Әлемдік мұралар тізіміне енген мәдени ескерткіштерді қорғауға арналған жұмыстар: Ханчжаудағы Сиху өзенінің табиғи ландшафты, «Аспан мен Жер орталығы» тарихи монументалды ансамблі, «Қытай Данься бедері», атақты көлеңке театрының түрлі-түсті қуыршақтары, бір жарым ғасырлық тарихы бар «Дуаньу» дәстүрлі мерекесі тақырыптары қамтылған фото жұмыстар ерекше назар аударады. Сонымен қатар Қытайдың 4 негізгі өнертабысының бірі болып табылатын жылжымалы бедер белгілермен кітап басу өнері, тибеттік кескіндеме жанры-танка да айрықша назарға ие. Суреттердің бір бөлігі қазіргі таңда Қытай әріптестік орнатып отырған әлемнің 149 мемлекетімен мәдениет саласындағы алмасулары жайында сыр шертеді.
Көрмені 2012 жылдың 22 қазаны – 6 қарашасы аралығында тамашалауға болады.
Анықтама телефондары: ҚР МОМ 264-46-50, 264-55-66
ҚХР-ның Алматыдағы Бас консулдығы: 270-02-03, 270-02-27.

Понравилась публикация?

Поделитесь с друзьями, воспользовавшись кнопками ниже:

Нравится
Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Добавить комментарий