Болат Ұзақовтың 50 жылдық мерейтойына арналған апталық

Болат Узаков

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 22 мен 25 аралығында алғаш рет Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, танымал режиссер Болат Қасымжанұлы Ұзақовтың 50 жылдық мерейтойына арналған «Режиссер әлемі» атты шығармашылық апталығы өтеді.

Апталық барысында режиссер сахналаған қойылымдар — У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы, С.Тұрғынбекұлының «Мұқағали» поэтикалық драмасы, Д.Рамазанның «Кенесары — Күнімжан» драмасын театр сүйер қауым бұл күндері сағат 18.30-да тамашалай алады. Ал 25 қаңтар күні Болат Ұзақовтың «Режиссер әлемі» атты шығармашылық кеші өтеді.

Болат Ұзақов 1980-84 жылдары Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институтының театры факультетін «Кино және театр актері» мамандығы, 1994-97 жылдары Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясының «Драма режиссері» мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы Елордаға арнайы шақыртумен келген ол Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында режиссер қызметін атқарып келеді. 
Болат Ұзақов 1984-97 жылдары Талдықорған облыстық Б.Римова атындағы қазақ драма театры сахнасында 40-қа жуық кейіпкерді сомдады. М. Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» — Кебек, «Хан Кенеде» — Наурызбай, «Түнгі сарында» — Жүніс, У. Шекспирдің «Асауға тұсауында» — Транио, Д. Исабеков — «Әпке» шығармасында Тимурды және тағы да басқа рөлдерді сомдаған актер өзінің терең ойлылығымен, жан-жақтылығымен көрермен көңілінен шыға білді.

90 жылдардан бастап ол актерлік шеберлігімен қоса режиссерлік жұмыспен айналыса бастады. Бүгінде режиссер сахналаған «Күшік күйеу» комедиясы (Т.Ахтанов), «Махаббат мелодрамасы» (Қ.Жүнісов), «Антивирус» (Е.Жуасбек), «Кенесары-Күнімжан» (Д. Рамазан), «Гамлет» (У.Шекспир) және т.б. көрермен көзайымына айналды.

Режиссер сондай-ақ еліміздің білім беру жүйесін жетілдіру ісіне өз үлесін қосып, Қазақ Ұлттық Музыка Академиясы «Актерлік өнер» факультетінде «актер шеберлігі» және «сахна тілі» пәндерінен дәріс берді.

Сахна саңлағы, үлкен өнер иесінің еңбегі бағаланып, түрлі фестивальдерде жүлделі орындар мен марапаттарға ие болды. Болат Ұзақов — Мерекелік шаралар мен ресми кештердің режиссері ретінде Астана қаласының мәдени өмірінің өркендеуіне зор үлесін қосып келеді.

Астана қаласы, Ж.Омаров көшесі 47б
Тел.: +7 7172 32-36-24

Фотосурет: http://www.kazteatr.kz

Понравилась публикация?

Поделитесь с друзьями, воспользовавшись кнопками ниже:

Нравится
Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Добавить комментарий