Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі – Алексей Уткин

Уткин Алексей

2012 жылдың 24 қазаны, сағ.16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде белгілі қазақстандық суретші Алексей Уткиннің «Алматы әуездері» атты жеке көрмесі ашылады. Орталық музейде өтетін көрмелер мазмұны жағынан әр түрлі сипатта болып келеді. Олардың арасында бейнелеу және қолданбалы өнер түрлері мен жанрларын қамтитын көрмелерде баршылық.

Қазақстан суретшілерінің басым бөлігінің сүйікті тақырыбы — қала келбетін бейнелеу. Солардың бірі Ленинградтағы саңырауларға арналған көркемөнер техникумы мен Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтының түлегі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі – Алексей Уткин.

Алексей Уткин өзінің шығармашылық қызметін «сүйікті қаласының портретін» салуға арнаған суретші. Ол өзінің ескі Алматы мен қазіргі Алматының өзгермелі көріністерін шеберлікпен бейнелеген кескіндемелік және графикалық туындыларымен белгілі. Суретшіні туған қаласының тарихи орталықтары мен қаланың әрбір алматылыққа қымбат орындары, атап айтқанда, ескі алаң, опера театры, бұрқақтар, ескі қаланың тыныш көшелері мен кең даңғылдары шабыттандырады. Суретші жұмыстарында қанық түстер, қаланың сәулетті, қайталанбас және сан алуан көріністері, сезім еркіндігі тамаша үйлесім тапқан және олар уақытпен үндесіп өздерінің ерекше сюитасын-әуездерін құрайды.

Алексей Уткин – бірнеше халықаралық және республикалық көрмелердің (Рим, Мәскеу қ.), сонымен қатар халықаралық «Путь II» (Вашингтон қ.), «Тюльпан и Человек» (Нидерланды корольдігінің елшілігі) жобаларының қатысушысы. Оның топтық және жеке көрмелері «Трибуна», «Тенгри-Умай», «Ұлар», «Аrk» көркемөнер галереяларында қойылған. А.Уткиннің авторлық жұмыстары біздің еліміздің, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания, Голландия сияқты шет мемлекеттердің де жеке жинақтамалдарында сақтаулы.

Көрмеде келушілер назарына біртіндеп ғайып болып бара жатқан ескі қаламыздың көріністері бейнеленген 50 кесіндемелік және графикалық картиналар ұсынылған.

Көрменің жұмыс уақыты: 2012 жылдың 24 қазаны-7 қарашасы аралығы, сағ.9.30-18.00.

Анықтама телефондары: ҚР МОМ 264-46-50, 264-55-66

Понравилась публикация?

Поделитесь с друзьями, воспользовавшись кнопками ниже:

Нравится
Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Добавить комментарий