Алматыда Наурыз мейрамына арналған «Көңіл күйі» атты көрмесі ашылады

граттография

Ж.Сағымбаев 1951ж. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Ол 1975ж. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде білім алды. 1990 ж. Алматы көркемсурет және театр институтын сәндік-қолданбалы өнер суретшісі мамандығымен тәмамдады. 1990-2006 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында ұстаздық қызметте болды. Жұмағазы Сұлтанұлы бірнеше халықаралық және аймақтық көрмелердің қатысушысы. Оның туындылары Алматы қаласындағы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде, Семей, Ақтау қалаларының музейлерінде, ал шығармашылығы туралы түсірілген деректі фильмдер «Таң», «Қазақстан» телеарналарының бейнеқорында сақтаулы.

Суретшінің кескіндеме кенебі табиғаты жағынан сан алуан жанрлар – графика, мүсін, кескіндеме, гратаж (гратография), сәндік-қолданбалы өнер туындыларына толы. Отандық суретші шығармашылығында – Көк Тәңірі, Көк бөрі, батыр, бақсы (құшнаш) ұғымдарының алар орны зор. Сонымен қатар суретші туындыларында қазіргі заманға сай көріністер, қазақ этнографиясы тақырыбы да назардан тыс қалмаған («Қошқар мүйіз», «Сері», «Қазақ келіндері» т.б.). Суретші өз картиналарында өткен мен бүгінді және болашақты шебер үйлестіре біледі. Сондықтан оның қыл қаламынан туынаған кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер туындылары ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық. Суретшінің айшықты ерекшеліктерінің бірі — гратография (гратаж) техникасын қолдануы. Аталған техникамен айналысатындар Қазақстанда жоқтын қасы. Бұл саладағы жұмыстары көп мағыналы болып келеді, бір қарасаң ен дала, ұшқан құс, қобыз тартып отырған бақсыны көресің. Бұл заманда қайғы мен қасірет, мұң-зарды қобыз арқылы жеткізген. Енді бірде әлгі қобыз қылышқа айналып, тұлпарға мінген бес қаруы сай жауынгерді көресің. Ол ел қорғаған хас батыр болған-ды («Бақсы», «Күй құдіреті», «Шабуыл», «Сарын» т.б.). Осындай тәлім-тәрбиеге, философиялық ойларға бай туындылар авторда жетерлік.

Шебердің қолынан шыққан мүсін өнері туындыларының шоқтығы бір төбе. Ол шағын мүсін туындыларымен қатар алып ескерткіштерді де дүниеге әкеліп жүрген сегіз қырлы, бір сырлы шебер, тамаша ұстаз. Оның әр туындысынан көшпелілірдің иісі аңқып тұрады.
Көрермен назарына туындылары жол тартқалы отырған кәсіби білімді келесі суретші – Жанар Перуджини. Жанар Перуджини 1971 ж. Павлодар қаласында дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің түлегі. 2000 ж. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА бітіріп, Қарашығанақ мұнай өңдеу кешенінде ағылшын тілінен аудармашы болып жұмыс істеді. 2004-2007 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ бітірген. Қазіргі таңда Италиядағы Пизан Университетінің студенті.

Жанар табиғат көрінісін салудың шебері. «Ақтау жағалауы», «Соқпа толқын», «Каспий», «Керкендегі көктем» туындылары соның дәлелі. Суретшінің шығармашылық қолтаңбасы туындыларының айшықтылығынан, кескіндемелік бояу тілінің жарқын түсінен, нұрлы шуақты ортаны нәзік жеткізуінен көрінеді.
Өз елінен жырақта жүріп (Тунисте), басқа мамандықпен айналысса да өнерге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін жоғалтпаған бұл суретшінің қолынан шыққан туындыларының да өнерді бағалайтын көрерменге сыйлар көз қуанышы мен терең ойлы астары бар. Жанар Перуджинидың туындылары Қазақстан, Италия, Ресей, Тунистегі жеке коллекцияларда сақтаулы.

Екі суретшінің бағыттарында ұқсастық болғанымен, жанрлары әртүрлі. Оларды біріктіретіні – көңіл күй мен шығармашылық, туған жерге деген сүйіспеншілік. Бұл – көрменің атауына да негіз болып отыр.

Көрмеге суретшілердің 70-тен астам туындылары қойылады.

Көрме ағымдағы жылдың 28 наурызына дейін жағасады.
Анықтама телефондары: 8 (727) 2644650, 2645566, 2645577.
Суретші Жұмағазы Сағымбаев +7 777 525 87 90

Понравилась публикация?

Поделитесь с друзьями, воспользовавшись кнопками ниже:

Нравится
Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Добавить комментарий