«Атамекен» этно-мемориалдық кешені кездесулер ұйымдастырады

1

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені Ата Заң күніне орай тамыз айы бойы елімізге белгілі тұлғалармен кездесулер ұйымдастыруды қолға алып отыр.

Кездесулердің басты мақсаты жастарды отаншылдыққа тәрбиелеп, ел тарихына деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Игі шара 16 тамыз күні сағат 11.00 де ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғариннің кездесуімен басталады. Еліміздің әдебиет пен өнерінің дамуына зор үлес қосқан жазушы кездесу кезінде патриотизм мен тарих мәселелеріне қатысты ойларымен бөлісіп, оқырмандар сұрағына жауап береді.

Сонымен қатар, 28 тамыз күні сағат 11.00 де филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, алаштанушы, жазушы Тұрсын Жұртбаймен кездесу өтеді. Жазушы кездесу барысында ел тарихына қатысты зерттеулері мен шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөліспек.

«Атамекен» этно-мемориалдық кешендегі бұл кездесулер елімізге белгілі қайраткерлермен толыға түсіп, алдағы уақытта кешеннің дәстүріне айналады. Кездесуге Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтары келіп, көкейдегі сұрақтарын қоя алады.

Кешеннің мекен жайы: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы 2/1 («Мега» сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан).

БАҚ өкілдерінің іс шараларды ақпараттандыруын сұраймыз. Байланыс тел: 24-04-97 (Ақерке).

 

Понравилась публикация?

Поделитесь с друзьями, воспользовавшись кнопками ниже:

Нравится
Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Добавить комментарий