Алматыда «Д.А.Қонаевтың сүйікті әндері» атты қайырымдылық концерті өтеді

Концерт

2013 жылдың 24 сәуірінде сағат 18.00-де Ж.Жабаев атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында ҚР Мәдениет министрлігі, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы және Халықаралық Д.А. Қонаев қорының қолдауымен «Д.А.Қонаевтың сүйікті әндері» атты қайырымдылық концерті өтеді.

Іс-шараның мақсаты – өткен ғасырда «Ғасыр саңлағы» атанған Д.А.Қонаевтың қоғамдық қызметі мен еліміздің экономикасы мен мәдениетін дамытудағы орасан зор қол жеткізген табыстарын, халқымыздың құрметіне бөленген адамгершілік ізгі қасиеттерін насихаттау.

Әр ғасырдың дара туған дарабоздары, халқының қастер тұтар біртуар қасиетті ұлдары болады. Солардың бірі – мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Саяси бюро мүшесі, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.

XX ғ. 60-80-ші жылдары еліміздің мәдениеті мен өнерінің ерекше дамыған жұлдызды кезеңі болды. Д.А. Қонаевтың басшылығымен елімізде жаңа мәдени ошақтар ашылып, театр мен концерттік ұйымдардың бұрын болмаған жаңа түрлері дүниеге келген болатын.

Қайырымдылық кеште Е. Хасанғалиев, Б. Төлегенова, Н. Нүсіпжанов, Лаки Кесоглу, Н. Абдуллин және т.б. белгілі өнер жұлдыздары мен жас таланттар өнерлерін көрсетеді.

Қайырымдылық концертке Алматы қалалық Әкімдігі, қалалық Мәдениет басқармасы, Медеу аудандық әкімдігі, Д.А.Қонаевтың қызметтес ізбасарлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, туған-туыстары және қала тұрғындары қатысады. 

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Ш.Қалдаяқов көшесі, 35 (Төле би көшесінің қиылысы)

Байланыс телефоны: 8 (727) 261-42-69, 272-11-02

Понравилась публикация?

Поделитесь с друзьями, воспользовавшись кнопками ниже:

Нравится
Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Добавить комментарий