28 сәуір күні Семейде «Әлемді жарқын палитрада есту» атты дәріс-концерт өтті

P1010625

ШҚО Невзоровтар отбасы атныдағы бейнелеу өнері мұражайының ұжымы міне көп жылдар бойы абзал міндетті орындауда. Көрмелер, презентациялар, қайрымдылық концерттер және акциялар қала өмірінің ажырамас бір бөлігі болып кетті. Мұражай Семейдің ең басты рухани мәдениет орталығына айналды.
2013 жылы 28 сәуір күні мұражай қабырғасында «Әлемді жарқын палитрада есту» атты дәріс-концерт өтті. Концертке Латыф Хамиди  атындағы Балалар музыкалық №1 мектептегі арнайы фортепиано классының ұстазы  Насырова Динара Рашидовнаның оқушылары қатысты.  

Концерттік бағдарламаның алдында, суретшілер мен музыканттарды не бірлестіретіні жөніндегі оқушылар эссесі тыңдалды. Альбина Сулейменованың, Дмитрий Благодатскийдің және Гүлназ Ермұхаметованың жұмыстары ең жақсы болып танылды.

Оқытушы әр бір фортепианолық шығармаға  қызықты түсініктемелер беріп аудиторияны еліктіре алды. Тамаша орыс кескіндеме шеберлері маталарының арасындағы музыка, қайталанбас мұражай залдарының интерьері, бала орындауының адалдығы мен тікелейлігі — осының барлығы іс-шараға ерекше шабытты үн берді. 

Концерттің ең жас қатысушылары Дима Благодатский мен Темірлан Узыханов өз пьесаларын қобалжымастан жақсы ойнап шықты.  Аяжан Ширяева, Әйгерім Жанұзақова, Айдана Күлтұманова, Аружан Ақсақтемірова бірінші сынып оқушыларының орындауын тыңдаушылар жылы қабылдады. Айзара Төкенова, Тамила Чулембаева, Әмірлан Ақсақтеміров, Гүлназ Ермұхаметова, Сабрина Саттыбаева, Арина Кабышева, Дильназ Узыханова, Альбина Сулейменова сенімді және мәнерлі ойнады.

„Жас музыкант„ облыстық сайыс лауреаты Нұрай Нұрсерікқызы және «Дарынды балалар — Қазақстанның болашағы» І Аймақтық сайысының Гран-при иегері Роббина Узыханова көрсетілімдері концерттің кульминациясы болды.

Концерттің бағдарламасында И. С. Бах, Й. Гайдн, Р. Шуман, П. Чайковский, М. Мусоргский, Б. Дварионас, А. Затаевич, Е. Брусиловский, Абай, Г. Жолымбетов және т.б. фортепианолық шығармалар орындалды.

Понравилась публикация?

Поделитесь с друзьями, воспользовавшись кнопками ниже:

Нравится
Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Добавить комментарий